ВЕРНУТЬСЯ

    Ей, Нарыным,

Құм-қобыз боп тарихты қазған,

Кеудең толы сазды ән,

Махамбеттiң даусын саласың,

Мұхит боп ойлап, өзен боп жазған.

Уа, Нарыным!

Шөл иесi - сары құм.

сен жалқын нұрсың,

әлде сарғайған мұңсың,

әлде, шыныңды айтшы,

кiмнiң көзiне құйылған құмсың?

Әлде сен - жүректi баурар,

жырмысың  ақ қағазға саулар?

Әлде сен - елеспiсiң құйын боп заулар?

Жоқ! Жыр да емес бұл, елес те емес заулар.

Махамбеттiң басын кескен жаулар,

Тоқтатпаса арам шөптей қаулар.

Бұл - соларды тұрмастай етiп көмем деп,

Құм болуға дейiн шегiнiс жасаған

Таулар!