ВЕРНУТЬСЯ

Батыр мен аты туралы баллада

          Қас батырға оқ
қадалды үш рет:

- Ал, тұлпарым,
туған жерге ұшып жет!

Иесінің үнсіз
сөзін ұққандай

Жануары тартты
желге кісінеп.

Көздеріңде дөңгеленіп от ыршып,

Келе жатыр, келе
жатыр ат ұшып.

Зырлайды ол, көз
жасы ма батырдың -

Жібек жалда
жылтылдаған жатыр шық.

Соңғы шабыс...
соңғы тыныс сыйындай,

Келеді ағып,
келеді ағып құйындай.

Аспан-жердің
арасында ағады,

Қарасына көз
ілеспес тиындай.

Келеді ол жау
оғына ілінбей,

Сурия

     Жиегінде толқып
талы,

Шуылдайды ұлып іші.

Сурия өзен
Волховтағы

Назияның
сіңілісі.

Көк төсінен ақық
жұлдыз

Түскен бір кез
домаланып.

Жағасында жатыр
бір қыз

Сол жұлдызды қадап алып.

Солтүстіктің бір
гүлі еді

Ерте батқан күні
ұяға.

Атын оның кім
біледі,

Назия ма, Сурия
ма!

Тастай шөккен
қайта тұрмай,

Жанын қиып ел
кегі үшін, -

Сол қыз жайлы
айтатындай

Сурия өзен
ертегісін.

 

Ақын мен толқын

      (Шелли туралы)

      Британия,
Британия аралы,

Ақын сенен алыс
кетіп барады.

Көңілі оның бұлт төнгендей қаралы,

Өмірі оның оқ
тигендей жаралы.

Ашылмайды тұманыңдай қабағы,

Британия,
Британия аралы.

Теңіздердің ала
шұбар туынан,

Астананың алыс
кетті шуынан.

Алыс кетті
арттан аңдып қалмаған

Тыңшыл, жымшыл
Англия қуынан.

Британия,
Британия аралы,

Татпайды ақын
енді ащы суыңнан.

Британия,
Британия аралы,

Кейде жаным сырласады

          Кейде жаным
сырласады

Үндемейтін
жұлдыздармен,

Туламайтын
толқындармен,

Тілсіз, мылқау
түнгі ызғармен.

Кейде жаным
сырласады

Тұнып қалған тұңғиықпен,

Көк таулардың мұнарымен

Көтеретін күнді
иықпен.

Жүрек тулап,
тыншымайды,

Өтті ұйқысыз түндерім де.

Олар менен тіл
сұрайды,

Жүрмін ойда тіл
беруге.

Страницы