ВЕРНУТЬСЯ

Аспанда

       Қалып жатыр шөл,
ыза...

Шетсіз аспан
әлемі.

Көрінді тау Феруза,

Аты қандай
әдемі.

Тау екенсің
тәп-тәуір,

Тартатұғын ақынды.

Кім де болса,
әйтеуір,

Тауып қойған
атыңды.

Бетіме кеп
тигені

Тау көлінің
сызаты.

Менің барлық
білгенім

Феруза - тек қыз
аты.

Қала берді
Феруза

Жырды қозғап
көңілден.

Ферузаға мен
ырза,

Тарта бердім
жөніммен.

Жарып жалпақ
ауаны,

Балалықты тойладық

          Балалықты
тойладық,

Қартамыс боп,

Ойнадық

Сен - Гүлбаршын,

Мен - Алпамыс
боп.

Алдымда қап-қара
орман жатты

Қабыланға толы.

Алдымда

Қап-қара жолдар
жатты

Арманға толы.

Мен саған жете
алмадым,

Алдымда асау
дария жатты,

Мен жүзіп өте
алмадым.

Көрінбеді жан
алдымнан,

Жағылмады шам
алдымнан,

Тек қана тамшы
тамды

Ыршып сенің
жанарыңнан.

Қызыл қар,

қанды батпақ
ортасында

Ақ түс

      Сүйемін түскі
тауды аппақ,

Сүйемін қысқы
қарды аппақ.

Сүйемін өзен
жарына

Сүйеніп тұрған талды аппақ.

Сүйемін селдір бұлтты аппақ,

Сүйемін мөлдір
сүтті аппақ.

Сүйемін аппақ
көңілді

Ақ жаныммен құттықтап.

Самед Вургун

       Каспийдің
толқынындай күркіреген

Неліктен тына
қалды шіркін өлең?!

Жабырқап ауру жеңген жатыр ақын

Қоштасып өзінің ел-жұртыменен.

Жерлерін баса
алмай кеше жүрген,

Енді ол тұра
алмайды төсегінен.

Он күндей нөр
татпаған, талықсыған,

Айрылып кұн мен
айдың есебінен.

Қайдасың, жүйрік
аты Қарабақтың,

Сен оған тау мен
тасты аралаттың.

Қайдасың, ақ
сақалды жомарт аңшы,

Сен оны
адасқанда паналаттың.

Ол өзі көп
қыдырған көктемдері,

Тік қарасаң, басыңа қан үйелер

         Тік қарасаң,
басыңа қан үйелер,

Тек тастар бар
талдай қармап сүйенер.

«Түйеасу» деп
атын бекер қоймапты,

Тек бұл жерден асады екен түйелер.

Асу-асу... Қайғы-шерді қозғаған,

Қырандардың
қияғы жоқ тозбаған.

Бұл асуда қанды көштер қамалып,

Ботасы өліп, боз
інгендер боздаған.

Жазда боран
арылмайды басынан,

Сусындайды бұлттардың көз жасынан.

Мен келемін
күнге созып қолымды,

«Чайкаменен»
аттағалы асудан.

Аруанадай асу
түрі тым қызық,

Страницы