ВЕРНУТЬСЯ

          Балалықты
тойладық,

Қартамыс боп,

Ойнадық

Сен - Гүлбаршын,

Мен - Алпамыс
боп.

Алдымда қап-қара
орман жатты

Қабыланға толы.

Алдымда

Қап-қара жолдар
жатты

Арманға толы.

Мен саған жете
алмадым,

Алдымда асау
дария жатты,

Мен жүзіп өте
алмадым.

Көрінбеді жан
алдымнан,

Жағылмады шам
алдымнан,

Тек қана тамшы
тамды

Ыршып сенің
жанарыңнан.

Қызыл қар,

қанды батпақ
ортасында

Күтіп жатты
жалаңдап жау алдымнан.

Жүректе қара түн

Жайған қанатын,

Жүректе қар
жауған,

Жүректе қан
жауған.

Қара түн өкпемді
тесіп барады

Қадалған қанды
қанжардай.

Шаршатты жол,

Талды аяқ, талды
қолдар,

Жатты ашу
булығып арыстандай.

Сен жанымда
жанып тұрдың

Қасқа тіс, орман
қасты,

Қарыс мандай...

Сол баяғы қара
түн,

Үстінде қара
тоны?

Мінген қап-қара күймесіне.

Жұлдыздар көрінбейді,

Үзілген бе аспанның түймесі де?

Бел бүгілді, жел
жүгірді,

Жолда өлді Байшұбарым,

Қайдасың,
Гүлбаршыным - шамшырағым,

Сен күлесің
менің жас қиялыма.

Ал мен болсам
жүргендеймін

Жердің шет
қиянында.

Дей алмассың сен
маған

«Ертек» мұның,

Осылай өтіп
еді-ау тентек күнім.

Сен мені

Жел боп жортып
күтем дедің,

Сен мені

Көл боп толқып
күтем дедің.

Кейіннен расында
болды соғыс,

Оралдым
қиындықтың өтіп бәрін.

О, Гүлбаршын,

Алпамысынды

Неге күтпей,

Кетіп қалдың?!