ВЕРНУТЬСЯ

      Менімен бір кірпік қақпай,

Түндер бойы көз
ілмедің.

Кіп-кішкентай
болсаң да өзің,

Шіркін, қандай
төзімді едің.

Өрт
ішінен алып шықтың,

Қансырап мен
жатыр едім.

Кіп-кішкентай
болсаң да өзің,

Шіркін, қандай
батыр едің.

Сен болмасаң,
жолда қалып,

Жастанар ем бір
төбені.

Кіп-кішкентай
болсаң да өзің,

Жаның қандай
үлкен еді.