ВЕРНУТЬСЯ

           (Баллада)

           Мылтық даусы
шайқады таңды тұнық,

Айнала тау
жөнелді жаңғырығып.

Ет қызумен
жарасын абайламай,

Жаутаң қағып ақ
марал қалды тұрып.

Шыдам етіп,
шығармай ол дыбысын,

Жинап алып
жөнелді соңғы күшін.

Жаралы аяқ
көнбейді дегеніне,

Барады өртеп осы
бір қорлық ішін.

Қайда күні
еркіндеп есетұғын,

Тау-тас зырлап
дөңгелеп көшетұғын,

Күн көзінен
шашырап түскен шаңдай

Бір көрініп
қарасы өшетұғын?!

Қайда күні
желменен таласатын,

Қара тер боп
жылда бір таң асатын,

Қиқулаған
қуғыншы жолда қалып,

Шаң
астында шалдығып адасатын?!

Барады өшіп
маңдайда жанған шырақ,

Домалады, күш
кетіп, таудан құлап.

Бір тұманның күмп етті ішіне кеп,

Кездесті ме, кім
білсін, арман бұлақ.

Қанша жатты
білмеді ол су ішінде,

Жатты өйтеуір
жаны бар тірі сүлде.

Қимылдайды
аяғы... я солай

Болушы еді
көзінің «тірісінде».

Шипа суы өн
бойын шымырлатып,

Марал қунап,
бұлақтан тұрды атып.

Енді аяғы
келгендей оңтайына,

Орнағандай
басына бүгін бақыт.

...Сол секілді
бар талшық - жалғыз үнем,

Аңшы келді
аптығып қан ізімен.

Ак тиындай ақ
марал зырлап берді,

Қайта өзінің
табысын тау құзымен.

Көзбен атып
Алтайдың қырат, шыңын,

Бастан алып
елтірі құлақшынын:

- Не хикмет
болды? - деп аңшы байғүс,

Ұрттап жатты еңкейіп бұлақ суын.