ВЕРНУТЬСЯ

           Қараңғы ымырт мұхитына сүңгіген

Отқа бөлеп ұйықтатпаймын түнді мен.

Оятамын
толқындарды жел болып

Жартастарға
жасырынып мүлгіген.

Оятамын ұйықтап қалған белдерді,

Қамыс басып
кеуіп қалған көлдерді.

Оятамын
шатқалдарға ұрынып,

Шөгіп қалған,

өліп қалған
желдерді.

Оятамын тас боп
қатқан тауларды,

Оятамын жас боп
қатқан арманды,

Оятамын
махаббаттан бал татпай,

Қыршынынан
қиылған жас жандарды.

Алда өткел, алда
асу, алда сын,

Өлім өшсін, өмір
қанат самғасын.

Сәуле болып,

жаңбыр болып
оятам,

Ұйықтап біреу ұлы жолдан қалмасын.