ВЕРНУТЬСЯ

      Көк жүзінде
дөңгедеген кептердей,

Сүттей аппақ
жарқырайды жазғы ай.

Аспан беті ашық
жатқан дәптердей,

Ал жұлдыздар соған түскен жазудай.

Жел қарғиды
қарағайдан секіріп,

Соның лебі бұтақтардың дірілі.

Тынып бір сәт
жатты ұйықтал кекілік,

Тек құлақта бұлақтардың гүрілі.

Мың түрлі күй,
сиқырлы күй өрбіткен

Табиғат та
секілді бір күйші шал.

Алғашқы көк тұла бойды сергіткен,

Жас жауқазын,

ақ жауынның иісі
бар.

Ай сәулесі
көрінеді кестедей

Нәзік саусақ
біздің қыздар тоқыған.

Алтын атырап
күмбез болып көшкендей

Жарқ-жұрқ еткен трактордың отынан.

Түрлі түсті
төгілдіріп шашағын,

Толқиды ойнап
ерке тоты май айы.

Ашты жиған асыл
жиһаз жасауын

Жаратылыс
көрмесінің сарайы.