ВЕРНУТЬСЯ

       Сарша тамыз
ішінде

Ыстық еді күн
неткен.

Жасыл барқыт
пішінде

Жайқалып тұр ну біткен.

Тосын үстін тұр жауып

Құба талды құла құм.

Көрдім сонда көз
тауып

Құлай аққан бұлағын.

Құмға төсеп кеудемді,

Еңкейе қап су
іштім.

Көкірегіме дем берді,

Ойнап көзде бір ұшқын.

Тамырыма
таралды,

Сол бұлақтан нәр алдым.

Суы шөлді
қандырды

Ақ сүтіндей
анамның.

Жалқынданып күн
батар,

Ай да туар нұрланып.

Біреу сезіп, тіл
қатар,

Шық үйіңнен ұрланып.

Сыбыр-сыбыр жел
мынау,

Сылдыр-сылдыр су
мынау.

Дала тоқсан
күйімен

Қағып жатыр
қоңырау.

Шық үйіңнен
асыға,

Кел бұлақтың қасына.

Қалқалайды
қарағай

Жапырақпен
жасыра.

Жалғыз бұлақ - мөлдір көз

Дәуітбай сайы
астында.

Сол арада болдың
кез,

Шөліркеген жас
тырна.

Аңызақ соғып
талдырып,

Су іздеп келдің
қаңғырып.

Тимедік біз де,
сусынын

Алсын деп әбден
қандырып.

Сен қалдың алғаш
кезіңде

Жасқанып, бізді
жатқа ойлап.

Ұшырдық
көктің жүзіне,

Қанатыңа хат
байлап.

Жазылған еді сол
хатта

Сол жылдың шуақ
күн, айы.

Біздердей жанға
әр шақта

Кездессең болар ұдайы.