ВЕРНУТЬСЯ

       Тағы да жаным
бір қунап,

Кеземін Торғай
даласын.

Көкірегімде жыр
тулап,

Жұтамын жұпар ауасын.

Ертемен тұрып, Торғайға

Қайта-қайта
барамын.

Түседі екен мұндайда

Есіңе сонау бала
күн.

Өзімнің туған
ауылым,

Көзіме сондай
бәрі ыстық.

Келіппіз білмей
қадірін,

Ағайын, туған,
таныстық.

Тұсында сонау ақ
тамның

Бозшакөл.

Әкем қыстауы.

Жатты ізі жастық
шақтардың,

Басылды жанның
құштары.

Тұрса-дағы күн қайнап,

Салқын екен құм
жазы.

Келеді бірге құм бойлап

Ғалым менен
Мырзалы.

Өзен бойы тал
екен,

Қара суы бал
екен.

Таяғына сүйеніп,

Қарсы алар ма
кәрі әкем?!