ВЕРНУТЬСЯ

       Бұрылтпай оңға, солға да,

Үйіріп жолды оқ
демі,

От болып қонды
орманға

Соғыстың күрең
көктемі.

Жығылып үйлер
жаралы,

Жалындап жанып
жатты азбар.

Төбеден ұшып барады

Төлеген досы -
ақ қаздар.

Жауынгер көкке
қарады.

Бұл күйді тосын қапты ұқпай.

Ақ қаздар бірде
көрінді

Аспанда қалқып
ақ бұлттай.

Аңсады бейбіт өмірді

Тұратын тұнып оқты атпай.

Ақ қаздар бірде
керінді

Жарына жазған ақ
хаттай.

Тұр еді ол мана
күрсініп

Өмірдің сәні
кеткендей.

Қуанды енді
тіршілік

Ақ қаз боп
желпіп өткендей.