ВЕРНУТЬСЯ

       Ойнасын бұлт аспанында,

Жатсын қар тау
асқарында.

Кеше ғана
жаралғандай,

Дүние әлі жас
шағында.

Көкте күннің
қызуы артып,

Атыраптан желдер
есіп,

Қыраттарда қызыл
барқыт

Бара жатыр
гүлдер көшіп.

Орман-қыздар
билеп, ойнап

Алматының
бақтарында,

Бұлақ-бұлбұл
гулеп, сайрап,

Тіл қатады
ақтарыла.

Жас баланың
жүрегіндей

Жапырақтың
дірілдері.

Өзен тасып тұр өмірдей,

Барады ағып күн
ілгері.

Көгілдірлі көлге
төніп,

Ұясына
күн асығар.

Ай жүзеді дөңгеленіп,

Оның да шаруасы
бар.

Бәрі тыныш
төңіректің,

Тыныштық -
өлең-өмір досы.

Асқарына
көкжиектің

Көтерілер көңіл
хошы.

Жаным талай
жараланды,

Соғыс ізі қолда
қалған.

Сақтаймын мен
балаларды

Дауылдар мен
борандардан.

Ойнасын бұлт аспанында,

Жатсын қар тау
асқарында.

Кеше ғана
жаралғандай,

Дүние әлі жас
шағында.