ВЕРНУТЬСЯ

        Алма ағаштар
гүлдейді,

Сен бірге гүлдеп
күлесің, Сағадатхан.

Алма ағаш
семетінің білмейді,

Сен сөнетініңді
білесің, Сағадатхан.

Содан ба әлде,
кейде сен

Тұнған судай мөлдірейсің, Сағадатхан.

Гүлдер жайлы
сөйлессем,

Елжірейсің,
Сағадатхан.

Бұршақ жауса
көктемде,

Гүл солады деп
қамығасың, Сағадатхан.

Өз қысың кеп
жеткенде,

Неғыласың,
Сағадатхан?

Сен табиғатты
аяйсың,

Жібек жаның
үлбіреп, Сағадатхан.

Сені де табиғат
аясын,

Қыс түскенде

Тым болмаса

Бір рет,
Сағадатхан.

Толқындарды
аяймын тілі жоқ деп,

Тауларды мен
аяймын үні жоқ деп.

Тасты аяймын
оянар күні жоқ деп,

Кокті аяймын
тебіренер жыры жоқ деп.

Сондықтан да тау
болып шіренемін,

Сондықтан да тас
болып түнеремін,

Сондықтан да
аспан боп жылаймын мен,

Сондықтан да
толқын боп жыр өремін,

Жалғыз өзім
бәрінің орнында боп,

Табиғаттың
жырлаймын мың өлеңін.