ВЕРНУТЬСЯ

           Рақмет, досым,
ескеріпсің

Ескерусіз жатқан
жанды.

Өмір гүлін кеш
теріпсің,

Кешіп жүріп
шатқалдарды.

Көнерген бір
суреттей

Келді алдыма
көмескі күн.

Қалған жалғыз
сыры кетпей,

Көзі болдың сен
ескінің.

Көне күннің сен
жарқылы,

Жалт етер бір
қия кезең.

Көкірегіме сен
арқылы

Құйылады қиял - өзен.

Болдың бірге
ыстықтарда,

Болдың бірге
суықтарда.

Сенімен бір
шықтық тауға,

Жүздік бірге
бұлттарға.

Шерленсе де
көңіл бір сәт,

Жастық шақтай көнермес күн.

Өзің егер берсең
мұрсат,

Сен тұрғанда мен өлмеспін.