ВЕРНУТЬСЯ

         Бұйра ормандар
алыс қалып барады,

Алыс қалып
барады.

Бұйра өзендер алысқа ағып барады,

Алысқа ағып
барады.

Жеткізбейтін
даналығың сияқты,

Көп іздейтін
балалығың сияқты.

Олар күңгірт
тартқан ақшамда

Екі айрық жол
секілді бөлінген,

Бірі тартса
алға,

Бірі кері
шегінген.

Екеуіне жоқ
ешқашан жарысу,

Екеуіне жоқ
ешқашан табысу.

Бірі қалған
балалығың

Қайта алмайтын
қусаң-дағы екпіндеп,

Бірі арманы жаңа
күннің

Айта алмайтын
ешуақытта жеттім деп.