ВЕРНУТЬСЯ

       Боран бізді
қалжыратып,

Іздегенде жылы ұя,

Құшағына алды тартып

Татар қызы Нұрия.

Сонау Қорған
орманында

Тына қалды жел
неге?

Ажары айдай
орнады да,

Түсті бір от
кеудеге.

Соққан боран
түніменен,

Соқпай қойды
күндіз де.

Соқшы, боран,
күніменен,

Жетпей қалды түн
бізге.

Қалды Қорған
қарағайы,

Қалды артта жылы
ұя.

Қалды артта таң
арайлы

Татар қызы Нұрия.