ВЕРНУТЬСЯ

Кейде жалғыз тұмандаймын

          Кейде жалғыз тұмандаймын

Дүниенің бір
түкпірі боп.

Өз үйімнен шыға
алмаймын,

Өлең-жырдың тұтқыны боп.

Толқындардың
тыңдап әнін,

Аспанынан ай құшамын.

Кейде бұрқ-сарқ тулап жаным,

Кейде гүлдей майысамын.

Желді өзеннің
жиегінде

Суылдаймын тал
секілді.

Жанып лаулап бұл өмірде,

Тұрсам деймін таң секілді.

Көңілімнің күйі
осындай,

Бастан кешіп
жүрмін бәрін.

Көкірегім ұясындай

Мың дауысты бұлбұлдардың.

Апрель жаңбыры

       Қыс бұлт болып тарады көктен,

Даланы алған
қоршап қарымен.

Терезені қағады
көктем

Жаңбырлы
саусақтарымен.

Күн қыс бойы тіл
қатпаған

Күркірейді
сөйлеп көгінен.

Көктем даланы
құндақтаған

Жасыл
көйлектерімен.

Күркірейді күн -
ол бір жаршы,

Даусы
зеңбіректен айнымаған.

Бүтақ бастарында
мелдір тамшы

Балапан көзіндей
жаудыраған.

Апрельдің есті
желі

Көк қанатын
серпе жайған.

Кәктем үні
естіледі

Сонау Сырда бір қыз бар

     Сонау Сырда бір
қыз бар,

Сүйеді де
сүймейді.

Көңілімде бір із
бар,

Біледі де
білмейді.

Табанымнан сыз
өтіп,

Ойда талай
тұрғаным.

Түндер бойы
күзетіп,

Естімедім бір
әнін.

Білсем-дағы
есігін,

Қаға алмаймын,
қақпаймын.

Ойлап, ойлап,
есімін

Таба алмаймын,
таппаймын.

Еркің, мені
әзілде

Сырын түйіп
айтпаған.

Үндемеймін
әзірге,

Көңіл жақсы қайтпаған.

Болсам - ау

          (Қырғыз
әуенімен)

          Ақсақалды атаның

Ақ батасы
болсам-ау.

Ақ жаулықты
ананың

Ақ ботасы
болсам-ау.

Көктем күні
тасыған

Шу өзені
болсам-ау.

Бұлт кетпеген басынан

Қырғыз тауға қонсам-ау..

Қолдан таңды
атырып,

Күнмен бірге
ақсам-ау.

Айды бірге
батырып,

Аймен бірге
жатсам-ау.

Бұрхан дария су кешіп,

Өткелдерден
өтсем-ау.

Жолбарысты ну
кешіп,

Сүйгеніме
жетсем-ау.

Солдат пен құс

      (Баллада)

       Соғыс күндей
күркіреп дабыл қағып,

Айналаны орады
жалын жауып.

Ұшып
түсті бұтақтан кішкене құс,

Қанатынан
дірілдеп қаны ағып.

Жалғыз тамшы
көктемнің жаңбырындай

Түсті үзіліп,
орнынан қалды тұрмай.

Момын еді
ешкімге жазығы жоқ,

Таза еді жүрегі
таңғы нұрдай.

Өрттен кешке ес
жиып шыққанында,

Тартатұғын жем тастап жұрт бауырға.

Жығылды ол.
Жылжыды бір жауынгер

Бишараны өлімнен
құтқаруға.

Страницы