ВЕРНУТЬСЯ

Қызыл-жасыл гүлдермен

      Қызыл-жасыл
гүлдермен

Жалындаған жаз
оттай.

Ақбоз атта
шіренген

Алатау қарт
қазақтай.

Қарайды ол
қиырдан,

Күннің көзі -
дүрбісі.

Бауырына жиылған

Өзен, көлдің
күллісі.

Сақшы болып
далаға,

Келген талай мың
жасқа.

Әрі ұқсайды бабама,

Әрі ұқсайды құрдасқа.

Көктем келеді

         Көктем келеді,

келеді

Қызылды-жасылды

Қызғалдақпенен.

Қырдан гүлдер
тереді

Қыздар баппенен.

Қара көздер
жайнап жанады

Далада қос-қос
шырақ боп,

Желменен ойнақ
салады

Бұрымдары қара бұлақ боп.

Нәзік бір үнмен
ауаны сызып,

Төгіліп жастық
көз шарасынан,

Аққулар - қыздар
ағады жүзіп

Жасыл гүлдердің
арасынан.

Қызылорда

      Қызылорда,
жақынсың,

Алғаш сенде
шықты үнім.

Өзің
жайлап жатырсың

Жанның терең
түкпірін.

Тер шұбырып маңдайдан,

Болғанда ел
ақтабан,

Ауып алыс
Торғайдан,

Әкем Сырға
тоқтаған.

Кешікпей, аз
жылдан соң,

Өмір
мені шақырды.

Сыр бойында
туған соң,

Сырбай қойды
атымды.

Аялаған бір
сенсің,

Сенде өтпеді қай
күнім.

Анкетама
тіркелсін

Жарлылығым,
байлығым.

Ескі қамал
болғанмен,

Түн

            Қабағын ашпаған

Бұлттарды аспан
тастаған

Биікке өріп
сөрелеп.

Мөлдір
жұлдыздардай

Жауады жаңбыр
себелеп.

Түн.

Ұйқыда
жатыр жұрт,

Жаңбыр жырлап
әлі тұр.

Тек алыстан
шақырып

Сіздің үйдің
шамы тұр.

Түн төңіректі қаптасын,

Бұра алмаймын ат басын.

Дауыл салып
әуресін,

Маған дамыл
бермесін...

Тек мен үшін,

сәулешім,

Сіздің үйдің
шамы сөнбесін!

Қыстау маңында

       Тағы да жаным
бір қунап,

Кеземін Торғай
даласын.

Көкірегімде жыр
тулап,

Жұтамын жұпар ауасын.

Ертемен тұрып, Торғайға

Қайта-қайта
барамын.

Түседі екен мұндайда

Есіңе сонау бала
күн.

Өзімнің туған
ауылым,

Көзіме сондай
бәрі ыстық.

Келіппіз білмей
қадірін,

Ағайын, туған,
таныстық.

Тұсында сонау ақ
тамның

Бозшакөл.

Әкем қыстауы.

Жатты ізі жастық
шақтардың,

Басылды жанның
құштары.

Страницы