ВЕРНУТЬСЯ

Құлын

     Шаршаған жол
батып

Волховтың
батпағында,

Жатыр бие
толғатып

Зеңбіректің арт
жағында.

Фугас бомбасы

Жерді өртеген
қиын күнде,

Тіршілік жолдасы

Бүлкілдейді
биенің бүйірінде.

Адамдай жапа
шегіп құса-мұңнан,

Сәби бір үн
сағынған.

Жалы. тарап,
көзіне үнсіз қарап,

Солдат оның
сипайды құрсағынан.

Шашыраған көк
жалынын бүркіп

темір,

Орманның іші
үрейлі.

Ал оттың
ортасында -

Шіркін өмір

Қараңғы ымырт мұхитына сүңгіген

           Қараңғы ымырт мұхитына сүңгіген

Отқа бөлеп ұйықтатпаймын түнді мен.

Оятамын
толқындарды жел болып

Жартастарға
жасырынып мүлгіген.

Оятамын ұйықтап қалған белдерді,

Қамыс басып
кеуіп қалған көлдерді.

Оятамын
шатқалдарға ұрынып,

Шөгіп қалған,

өліп қалған
желдерді.

Оятамын тас боп
қатқан тауларды,

Оятамын жас боп
қатқан арманды,

Оятамын
махаббаттан бал татпай,

Қыршынынан
қиылған жас жандарды.

Алда өткел, алда
асу, алда сын,

Дүние әлі жас шағында

       Ойнасын бұлт аспанында,

Жатсын қар тау
асқарында.

Кеше ғана
жаралғандай,

Дүние әлі жас
шағында.

Көкте күннің
қызуы артып,

Атыраптан желдер
есіп,

Қыраттарда қызыл
барқыт

Бара жатыр
гүлдер көшіп.

Орман-қыздар
билеп, ойнап

Алматының
бақтарында,

Бұлақ-бұлбұл
гулеп, сайрап,

Тіл қатады
ақтарыла.

Жас баланың
жүрегіндей

Жапырақтың
дірілдері.

Өзен тасып тұр өмірдей,

Барады ағып күн
ілгері.

Алматының почта үйінің алдында

          Алматының почта
үйінің алдында

Өрік ағаш
апрельде гүл атты.

Алматының почта
үйінің алдында

Өрік емес, бір
қыз тұрған сияқты.

Көрем оны сол
өріктің түбінен,

Ақшыл жүзі тұрады ылғи нұрланып.

Ол да жетер
көктейтұғын күніне,

Өріктей боп
алаулайтын гүл жарып.

Сол тұрғаны көктемнің бір құсындай,

Жерден ұшып кететіндей гүл шағы.

Сол өрікті қара
дауыл ұшырмай,

Ұрмаса
екен сұлуды өмір бұршағы.

Еді онда күн боран

       Еді онда күн
боран,

Вокзал басы бір
дүлей.

Ажал жақын тұр ма оған...

Қалды әкем
үндемей.

Ауру жүрек ұрады

Көкірегінде дүрсілдеп.

«Жалғызым!» деп
жылады,

Айтады енді кім
«сүй» деп!

«Көремін бе сені
енді!» -

Көзінен жас тұр ыршып.

Поезд жүйтки
жөнелді,

Алып ұшып тыпыршып.

Әкем әбден жүдеген,

Кетіп қалған
кескіні.

Сәтті сапар
тілеген

Соңғы үні
естілді.

Қарап едім мен
оған

Терезеге асылып.

Страницы