ВЕРНУТЬСЯ

          Алматының почта
үйінің алдында

Өрік ағаш
апрельде гүл атты.

Алматының почта
үйінің алдында

Өрік емес, бір
қыз тұрған сияқты.

Көрем оны сол
өріктің түбінен,

Ақшыл жүзі тұрады ылғи нұрланып.

Ол да жетер
көктейтұғын күніне,

Өріктей боп
алаулайтын гүл жарып.

Сол тұрғаны көктемнің бір құсындай,

Жерден ұшып кететіндей гүл шағы.

Сол өрікті қара
дауыл ұшырмай,

Ұрмаса
екен сұлуды өмір бұршағы.