ВЕРНУТЬСЯ

        Қымбат туған
даламның

Маған биік адыры.

Жатыр сонда
бабамның

Қасиетті қабыры.

Қымбат туған
даламның

Мөлдіреген
көлдері.

Бесігіндей
анамның

Тербетеді ол мені.

Қымбат туған
даламның

Бір талдырмаш
талы да -

Тайы болып
баламның,

Батқан жолдың
шаңына.

Қымбат туған
даламның

Құйылған жас
ауасы.

Шипасы сол
жарамның,

Ауру жүрек
дауасы.

Бұлт көзімен бұлдырап,

Сығалайды кәрі
аспан.

Жанында Арыс
сылдырап,

Шалқаяды
Қараспан.

Қарауылда бір
батыр

Қалғып кеткен
тәрізді.

Қарауытып қыр
жатыр,

Қайталап сол
аңызды.

Шыдатпай шөл бұрқағы,

Аңсап келіп
алыстан,

Қобыландының тұлпары

Су ішті ме
Арыстан?

Сұрағанмен қиылып,

Тау үн-түнсіз
жатыр жай.

Бұлт астында бұйығып,

Ұйықтап
кеткен батырдай.