ВЕРНУТЬСЯ

      Гитарыңның шектерінен

Ғажайыпты үн келер.

Жастық шақтың көктемінен

Жазғы тасқын жыр келер.

Гитарыңның шектерінен

Сиқырлы үндер сыңғырлар. 

Көзін қадап, өткен күннен,

Күлімдер бір сүйген жар.

Гитарыңның шектерінде

Жатыр алыс өткен күн.

Көңіліме ұялаған

Көлеңкесі кептердің.

Туған елге келдік міне,   

Бізбен бірге тойлашы.

Қонды әнің кокірегіме,

Гитарынды ойнашы!