ВЕРНУТЬСЯ

          Да, мне
нравилась девушка в белом,

Но теперь я
люблю в голубом.

Сергей Есенин

Өтіп кетті жауынымен
жасыл жаз,

Бірге кетті
байпаң-байпаң басып қаз.

Бірге кетті
толықсыған жастық шақ,

Толқын күлкі,
ерке қалжың, ғашық наз.

Жалт қаратқан
аласа бір үйге жүз,

Кетіп қалды
қызыл көйлек киген қыз.

Енді ол қайтып
қызыл көйлек кимейді,

Енді ол маған
басын қайтып имейді.

Енді ол кеште
жүре алмайды сылаңдап,

Мен де кеште
жүре алмаймын сыр аулап.

Құлыншақ күн енді бізге келмейді,

Мың қайтара
шақырғанмен құраулап.

Басқа қыздар
қызыл көйлек киеді,

Басқаларды
балқып тәні сүйеді.

Шіркін, солар
күлкісімен қытықтап,

Босатады тас боп
қатқан жүйені.