ВЕРНУТЬСЯ

       Биылғы жаз даңбыр боп өтті,

Ұсақ
балапан жаңбырлар,

Мөлдір жаңбырлар

Теректерге жауды
да кетті.

Сенің толқын
шашыңа

Сол жаңбырлар
меруерттей тізіліп қалды.

Есіңде ме, тау
басында

Көзіңнен бір
моншақ үзіліп қалды.

Шықпайды тіпті
есімнен,

Ол былай еді:

Көк төсінен

Мөлдір моншақтар

Төгіліп құлай берді,

Төгіліп құлай берді.

Сен пана іздеп
жалғыз еменнен,

Қияда қалдың тұрып.

Түсіп жатты
төбеңнен

Тырсылдап жаңбыр
ұрып.

Еменнің қабығын жай

Сен оқыс аршып
едің.

Түсіп жатқан көк
жауынындай

Мөп-мөлдір тамшы
көрдің.

Жалғыздығыңды сол емендей

Есіңе алдың. Жас
күнің ұшты заулап.

Көзіңді көлегейлей

Бір тамшы жас
түсті аунап.

Еменнен көрдің
өз тағдырыңды,

Төктің моншақ
жаңбырыңды.

Жаз көркін ашу
үшін

Шалғынға бөлеп,

Жан өртін басу
үшін

Жаңбыр да керек,

Биылғы жаз
жаңбыр боп өтті..