ВЕРНУТЬСЯ

        Адам өледі -

От басында,

Кейде жолда:

Апатта,

Не тасқында.

Қара қоршау -

Ажалдың
ноқтасындай

Тұрады газеттің

Төртінші беті астында.

Адам өлмейді -

Қалады көз нұры

Тауларда,

Ормандарда,

Өзендерде.

Атылады

Дауылды,

Өрт-жалынды
кезеңдерде.

Есімі оның

Теріліп
баспаханаларда,

Тұрады ісі үлгі боп

Бас мақалаларда.

Адам өлмейді -

Тіршілік
туындайды.

Отқа атылған,

Оққа атылған,

Космосқа көтерілген

Жалынды жүректер

Еш уақытта
суынбайды.