ВЕРНУТЬСЯ

          Жанарынан ең
соңғы жасы тамып,

Жығылды ол Карпаттан асып барып.

Жолдастары
жіберді анасына

Солдаттың
қонышындағы қасықты алып.

Қасіреттің қара
оты қанында ұйып,

Қарт ананың
жайлады жанын күйік.

Ұзақ тұрды мұнартқан тау тәрізді,

Қарапайым
қасықтың сабын сүйіп.

Ойға батты
қиялмен тау, құзды
асып,

Майданды да
шарлады қанды із басып.

Жан ұлының
қалдырған бар мұрасы -

Қолындағы қалайы
жалғыз қасық.

Басталды екен
майданға жолы қайдан,

Кім екен бұл
қасықты жонып ойған?

Жалғыз ұлы,
дариға, атын жазып,

Жалғыз қасық
сабына қолын қойған.

Сол жазулар
тұрғандай сөз ғып ұлын,

Көкжиегін ашқандай көз нұрының.

Сол қасықтың
сабынан сезінгендей

Баласының оты мен өз жылуын.