ВЕРНУТЬСЯ

          Кейде жалғыз тұмандаймын

Дүниенің бір
түкпірі боп.

Өз үйімнен шыға
алмаймын,

Өлең-жырдың тұтқыны боп.

Толқындардың
тыңдап әнін,

Аспанынан ай құшамын.

Кейде бұрқ-сарқ тулап жаным,

Кейде гүлдей майысамын.

Желді өзеннің
жиегінде

Суылдаймын тал
секілді.

Жанып лаулап бұл өмірде,

Тұрсам деймін таң секілді.

Көңілімнің күйі
осындай,

Бастан кешіп
жүрмін бәрін.

Көкірегім ұясындай

Мың дауысты бұлбұлдардың.