ВЕРНУТЬСЯ

Дуадақтың көзі

          Жүр еді қырда
жайылып,

Қос мерген атты
оны.

Қос мылтықтан
шыққан қос түтін

Шұбалып жапты оны.

Жатты енді

Қалбаң етіп
жотада өзі,

Жаудырайды жалтақтап бота көзі.

Көзінде бір жас
тұрды төгілуге,

Көзіне қорықтым
оның көрінуге.

Ұйқыдан соң

        Ұйқыдан
соң

Жапырақпын

Жаңбыр шайып
жаңарған.

Ұйқыдан
соң

Құспын

Ұзақ ұшып көліне кеп дем алған.

Ұйқыдан
соң

Көк айдынмын

Мөлдіреген
шайқалып.

Ұйқыдан
соң

Ну орманмын

Желбіретіп
жайқалып.

Ұйқыдан
соң

Дауыл өткен,

Жауын өткен

Менде дала қалпы
бар.

Ұйқыдан
соң

Жаңа ашылған күн
көзіндей,

Жаңа ашылған гүл жүзіндей

Ой аспаным жарқырар!

Бұлақ

       Сарша тамыз
ішінде

Ыстық еді күн
неткен.

Жасыл барқыт
пішінде

Жайқалып тұр ну біткен.

Тосын үстін тұр жауып

Құба талды құла құм.

Көрдім сонда көз
тауып

Құлай аққан бұлағын.

Құмға төсеп кеудемді,

Еңкейе қап су
іштім.

Көкірегіме дем берді,

Ойнап көзде бір ұшқын.

Тамырыма
таралды,

Сол бұлақтан нәр алдым.

Суы шөлді
қандырды

Ақ сүтіндей
анамның.

Жалқынданып күн
батар,

Ай да туар нұрланып.

Жанарынан ең соңғы жасы тамып

          Жанарынан ең
соңғы жасы тамып,

Жығылды ол Карпаттан асып барып.

Жолдастары
жіберді анасына

Солдаттың
қонышындағы қасықты алып.

Қасіреттің қара
оты қанында ұйып,

Қарт ананың
жайлады жанын күйік.

Ұзақ тұрды мұнартқан тау тәрізді,

Қарапайым
қасықтың сабын сүйіп.

Ойға батты
қиялмен тау, құзды
асып,

Майданды да
шарлады қанды із басып.

Жан ұлының
қалдырған бар мұрасы -

Қолындағы қалайы
жалғыз қасық.

Назияда күн ашық

      Назияда мөлдір
көк,

Назияда күн
ашық.

Жайысып құшақ елжіреп,

Жатырмыз саулық
сұрасып.

Жармасып толқын
жалына,

Жүзеді бұлттар желкендей.

Жолымды тосқан
сағына

Назия назды
еркемдей.

Жағаңа салмай
қаз ұя,

Көзіңнен жас боп
мұң ыршып,

Жатушы ең,
қайран Назия,

Жаралы жандай
ыңырсып.

Жаттың сен айлар
күн көрмей,

Жарық қып оттың
жарқылын.

Жаттың сен айлар
түн көрмей,

Күндіздей от боп
әр түнің.

Страницы