ВЕРНУТЬСЯ

Көктем көрінісі

       Қара бұлт қарақұстай қанат қағып,

Алатау
қатпар-қатпар қабаттанып,

Күңіренген күн
астында қылт етеді,

От тілін
найзағайдың жалап қалып.

Көкжиек ұштасты да көлге келіп,

Кенеттен тына
қалды жел бөгеліп.

Шатынап шарт
сынды бір ашулы күн,

Аспаны аунап
жерге дөңгеленіп.

Жасаурап
әлденеге тұрды көзі,

Күннің де қызық
екен бұл мінезі.

Көз жасын
еркелікпен төгіп алып,

Артынан жас баладай күледі өзі.

Рябина

         Жазды күні
ашылды,

Ой, рябина -
қызыл моншақтар.

Жат көзден
жасырды,

Жан-жағынан
қоршап тал.

Күзде бұршақ бұлты ұрып,

Атой салды қыста
жел.

Бір жығылды, бір
тұрып,

Ой, рябина қыпша
бел.

Жұрт ойлады құлар деп,

Ой, рябина тым
нәзік қой.

Тіршілікке құмар боп,

Жазға шықты
жазып бой.

Жол бойында тұр қыздар,

Жасырады қоршап
тал.

Ой, рябина -
қызыл жұлдыздар,

Ой, рябина - қызыл моншақтар.

Биік

       Желпіп жаздың гүлдері,

Күн күледі нұр құйып.

Жетелейді ілгері

Бір биіктен бір биік.

Тұнған сыры тұңғиық

Шықсам шыңға асыға,

Тағы да алдан бір биік

Шақырады басына.

Талай қиын жолды аса,

Ұмтыламын
мен өрге.

Сол биіктер болмаса,

Қалғандаймын төменде.

Ақ түн

       Ақ түн, ақ түн

Алып бір ақ
сауыт.

Ақ боз аттың

Жалындай ақша бұлт.

Ақ түн - ақ гүл

Айнала тұтасқан.

Төгілмей шақ тұр

Ақ мұхит - сүт аспан.

Ақ түн - ақ
жалын,

Ақ түстер
жаймасы.

Дүниенің пәк жанын

Түсірген

Ақ түн -

Рентген айнасы.

Ақ түн

Таң жарығындай

Бозарып ағарған.

Ақ қайың
қабығындай

Ақ жолдар

Жан-жаққа таралған.

Ақ түн ағады

Петрдің ақ
атындай.

Аспанды жабады

Аққудың
қанатындай.

Қара жұлдыздар арасында ағамын

         Қара жұлдыздар арасында ағамын,

Қара дариялар жағасында жанамын.

Қара бұлттардан үзіліп түсіп,

Ақ жаңбырына
айналамын ауаның.

Менің қара
терімнен

Көктейді егін
көк аспандай.

Мен сонда
қараймын дала төрінен

Жаңа бір
планетаға жол ашқандай.

Страницы