ВЕРНУТЬСЯ

Аңсау

          Да, мне
нравилась девушка в белом,

Но теперь я
люблю в голубом.

Сергей Есенин

Өтіп кетті жауынымен
жасыл жаз,

Бірге кетті
байпаң-байпаң басып қаз.

Бірге кетті
толықсыған жастық шақ,

Толқын күлкі,
ерке қалжың, ғашық наз.

Жалт қаратқан
аласа бір үйге жүз,

Кетіп қалды
қызыл көйлек киген қыз.

Енді ол қайтып
қызыл көйлек кимейді,

Енді ол маған
басын қайтып имейді.

Енді ол кеште
жүре алмайды сылаңдап,

Жазғы сурет

      Көк жүзінде
дөңгедеген кептердей,

Сүттей аппақ
жарқырайды жазғы ай.

Аспан беті ашық
жатқан дәптердей,

Ал жұлдыздар соған түскен жазудай.

Жел қарғиды
қарағайдан секіріп,

Соның лебі бұтақтардың дірілі.

Тынып бір сәт
жатты ұйықтал кекілік,

Тек құлақта бұлақтардың гүрілі.

Мың түрлі күй,
сиқырлы күй өрбіткен

Табиғат та
секілді бір күйші шал.

Алғашқы көк тұла бойды сергіткен,

Жас жауқазын,

ақ жауынның иісі
бар.

Ай сәулесі
көрінеді кестедей

Гитарыңды ойнашы!

      Гитарыңның шектерінен

Ғажайыпты үн келер.

Жастық шақтың көктемінен

Жазғы тасқын жыр келер.

Гитарыңның шектерінен

Сиқырлы үндер сыңғырлар. 

Көзін қадап, өткен күннен,

Күлімдер бір сүйген жар.

Гитарыңның шектерінде

Жатыр алыс өткен күн.

Көңіліме ұялаған

Көлеңкесі кептердің.

Туған елге келдік міне,   

Бізбен бірге тойлашы.

Қонды әнің кокірегіме,

Гитарынды ойнашы!  

Ерте тұрып, кеш жатамын

       Қазақтардың
мақалы бар ертеден,

Ырысы мол - кім
оянса ертемен.

Кім кеш жатса -
үлкен істі тындырар,

Туар содан
шабытты бір ерке өлең.

Соны ескеріп,
ертеменен тұрамын,

Балбұлақпен беті-қолды жуамын.

Жұтам таңғы самалдың жас жұпарын,

Күнмен бірге тау
басына шығамын.

Түн ортасын
жатам ылғи аудырып,

Өлең бұлтын жаңбыр етіп жаудырып,

Гүл сусынын сол
жаңбырмен қандырып.

Жапырақтарды
жанарыммен жандырып,

Түн ортасын
жатам ылғи аудырып.

Страницы