ВЕРНУТЬСЯ

          Қас батырға оқ
қадалды үш рет:

- Ал, тұлпарым,
туған жерге ұшып жет!

Иесінің үнсіз
сөзін ұққандай

Жануары тартты
желге кісінеп.

Көздеріңде дөңгеленіп от ыршып,

Келе жатыр, келе
жатыр ат ұшып.

Зырлайды ол, көз
жасы ма батырдың -

Жібек жалда
жылтылдаған жатыр шық.

Соңғы шабыс...
соңғы тыныс сыйындай,

Келеді ағып,
келеді ағып құйындай.

Аспан-жердің
арасында ағады,

Қарасына көз
ілеспес тиындай.

Келеді ол жау
оғына ілінбей,

Келеді ол ой-шұқырдан сүрінбей.

Келеді ол аласа
боп шөптерден,

Шапқаны да, ұшқаны да білінбей.

Тұяғынан түтін
болып шаң ұшып,

Келеді ол қара
желмен жарысып.

Батыр қолы
қалыпты оның жалына

Мәңгі-бақи айрылмастай жабысып.

Елді айналып
жүріп апты екеуі,

Елді айналып тұрып апты екеуі.

Ажыратар қол
табылмай екеуін,

Ескерткіш боп
тұрып қапты екеуі.