ВЕРНУТЬСЯ

     (Орыс халық
әнінің аудармасы)

 

      Орамалым батар-батпас,

Қалқып қана ағады.

Сүйген жарым сүйер-сүймес,

Уақыт өтіп барады.

Кайырмасы:

Ах, Самара-жас қала,

Барамын сөнгелі,

Барамын сөнгелі,

Жұбатшы
сен мені.

Өстім еркін, гүлдедім мен

Он жетіге келгенше,

Он жетіде махаббат

Қыз сорлыны жеңгенше.

Кайырмасы.

Сорлы ақ қайың, саған орын

Тимепті өзен жарынан.

Жарым десең, жаралама,

Сақта мені, жалынам.

Кайырмасы.

Ұмытайын
сүйген жарды

Десем дағы сан рет,

Махаббаттан безе алмадым,

Шектім талай қасірет.

Кайырмасы.

Қош десе жар, жүрек шіркін

Лап етер бір жалын ғой.

Қайғырады, қалжырайды

Баяғы ол бір, баяғы ой.