ВЕРНУТЬСЯ

Зейнолла Өксікбаевқа
Көл жатыр көк бершімек бездей болып,
Жел соқса желпілдейді боздей болып.
Жапанда жолаушыдан түсіп қалған
Көл жатыр кәдімгі
әйнек көздей болып.
Көл жатыр көк
айдыны ноғалалы,
Өзен жоқ құятұғын оған әлі.
Қол жатыр
аптап дала астауындай.
Қамсызда қаңсып қалса,
жоғалады.
Бозсуды атам қазақ Ақкөл депті,
Өлгенше
одан терең қақ көрмепті.
Көктемде көк соқтамен қамписа
да.
Шілдеде Ақкөл
көпке шақ келмепті.
Мен оны кірпік күйген жазда көрдім,
Шалқыған шағында емес,
азда көрдім.
«Бұл жерде
жаңармаған жалғыз мен» деп
Шағынған жанарынан наз да көрдім.
Сонда да
сәнді елімен, сән жерімеп
(Сән көрсем, сұлу
жырдан дәндедім мен).
Ақкөлде жолдас-жора, қыз, бозбала
Шығарып салды мені әндерімен.
Ән десе біздің қазақ жанын салар.
Ән десе ас ішпеуге дайын жандар.
Ақкөлді арнасынан бір асырды- ау
Айсұлу, Сұлуайлар, Айымжандар!
Сол қыздар аймен
аттас, күнмен нұрлас.
Бұлбұлдай мың түрленген үнмен сырлас.
Тастады-ау бір желпінтіп ақынды да,
Қашаннан жырмен жандас, күймен құрдас.
Ән кетті көк күмбезін көктен төгіп,
Жер бетін гүл-жазира көктем етіп.
Ән кетті
қанатымен қалықтаған,
Жасартып ақ жаңбырдай
төккен өші.
Ән кетті сусындатып
кең өлкені,
Қалайша көтерілмес
көл өркені!
Қол- қолда өнер барда, өрен барда,
Күн туар, теңізді де көрер көлі.
Қош, Ақкқл,
қош бол, іні, қарындастар.
Жаңғырсын
қарт Жалпақтал, Нарын достар!
Күләш боп, Мұхтар
болып елестейді
Сендердей ауыл толы дарып жастар.
Өзіме тілемеймін өзгеруді,
Көрермін, не көрмеспін өздеріңді.
Жырыма жылт еткен бір тамыздықтай,
Белгілеп ала кеттім көздеріңді.