ВЕРНУТЬСЯ

       (Достық әзіл)

       Біреулер кетті кезіп ақша бұлтты,

Біреулер бір-ақ аттап шыңға шықты.

Біреулер айға барып айғай салып,

Жұлдызбен алтын кірпік сырласыпты.

Аспандап алыс кеткен небір мықты,

He қылсын төмен қарап, жерді ұмытты.

Күндердің күнінде бір сонау көктен

Төгер деп жыр нөсері мен үмітті.

-«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?!»

-Жібермейміз, қорықпаңыз, сізді ондайға.

-Өлген жан «қайтып келіп ойнап-күлмес»,

-Ол қате, пожалуйста, күл де ойна! -

Деп Мұхаң
жіберді ашып сахналарды,

Тіріліп ән caп Абай
тұра қалды:

-«Мен бір жұмбақ
адаммын, оны да ойла»,

-Ойлап жазып жатырмын төрт романды.

-«Жұп-жұмыр келсін тегіс айналасы», -

Деді Абай,
Мұхаң біраз ойға қалды.

«Сұлушаш» қашты
шошып «Ақ аюдан»,

Сәкең жоқ қашқан қызды соңнан қуған.

Сырласып Асқар, Темір, Балуанмен,

Сәкеңнің жүрген жері күнде думан.

«Сөз - Советтік Армия» сапын құрған,

«Біздің заман батыры» мына тұрған.

«Есілдей» есіп жатқан көңілі бар,

Сәкеңе өкпелейтін қай антұрған?!

«Қыз Жібек, Ақтоқты мен Баян сұлу,

Қыз тусаң, о, дариға, солардай ту!»

Деген жыр шалынған соң құлағына,

Ғабеңнің жүрегіне бар ма тыншу!

Ыза боп Қозы менен Төлегенге,

Қаратпай үш сұлуды
өле-елгенге,

Ертіп кеп театрға енгізіпті,

Білмеймін ештеңесін одан өңге.

Әбділда, таңғаламыз мінезіңе,

Кіргізбей «Көтерілген күмбезіңе»,

Дейсің-ау «Біз де қазақ» баласымыз,

Күмбезді салып па едің бір өзіңе?

Ала кір ең болмаса Шахметіңді,

Бұл Шахмет
алмай қойды біздің тілді.

Жіберді өкпелетіп «Марабайды»,

«Алдармен» дос болған соң, аяр кімді!

Шомылып Асқар отыр сонау Сырда,

Берерін бергендей-ақ бір ғасырға,

«Қолдай көр, Қожа Ахмет Яссауи!» - деп,

Ол отыр, «Уборщица» тұр қасында.

«Миллион қол», «Күн тіл қатты», «Тасқын»,«Нарын»,

Тайыр ап таусып қойды-ау гонорарын.

«Ақылдан
қайғы» жасап алғаннан соң,

Білмеймін «Сұр
құлынмен» не табарын.

«Астында қызыл тудың қызыл тайынша»,

Япырым-ай, «ыңқылдайды» ол қалайша?

Құдіреті
Ғабиденнің күшті емес пе,

Балқытты темірді де осылайша!

Әлжаппар қолына ұстап
«Жас түлегін»,

Кетіпті көремін деп көмір кенін.

Шаршап-ақ жүрген шығар шахта астында,

Ол өзі жек көруші ед семіргенін.

Түбінде Ғали отыр «Еменінің»,

Ақ шалып бара жатыр бастың түгін.

Қайтсін бұл,
қажыған ғой көтерем деп

Жамбылдың тастап кеткен ауыр жүгін.

«Дөң асып»,
«Жанартауға» барды Ғабдол,

«Жанартау» жолы өте бір қия жол.

«Ақ тары», «Шұбар
таяқ» асулары

Асырмай, қатты шаршап қалды Ғабдол.

«Егер де қазақ ұлы
екенсің сен,

Қалижан, қайтер еді сөзге көнсең.

Шашылмай онда-мұнда,
жазсаң өлең,

Кетер ме Жұмабайда
сенің есең?

Әкелші, Жұмағали,
лирикаңды!

Жанында «Күләндаңның» ұйқым қанды.

Жырлашы өз тілімен әр дәуірді,

Мінгізбей Тайбурылға Бауыржанды.

Қуандық, сен шыққанда,
шын қуандық,

Аялап алдымызға «Арынды» алдық.

«Құлақ тос
көрден сен де, аруақтар!»

Айтпаймын арғы жағын, аллауакпар.

«Әлхамды Әбу Эльмин Атырауын»

Ақшамда аралапты Балқан тауын.

Оқыпты таң намазын Балатонда,

Бәйіт қып гүл жайнауын, құс сайрауын.

«О, Вольтер!» Қайда Қапан Сатыбалды,

Сатыбалды баласы жатып алды,

Жатып алды, аққудай ақын даңқын

Атып алды, тарихта аты қалды.

«Маскарадтың» шығарып масқарасын,

Алматыда жортып жүр ерке Қасым.

Мазасын aп
Қаратай Құрманычтың,

Жыр етіп жүр өзінің баспанасын.

Бар Семейді жеке алып Қайым, Жәкеш,

Талай есік сарт та сұрт ертелі-кеш.

Екеуінің алдынан жалғыз-ақ тек

Поэзия есігі ашылмайды еш.

Қайдасың, ақын Зияш Қалауова,

«Кавказдың» шығып едің қай тауына?

Мариям екеуіңді сыйлаймыз біз,

Болмаса, қап жүрерміз қыз дауына.

Ассалаумағалайкүм, Есмағамбет!

Сіз үшін атқарам деп мен бір міндет,

Байқаусыз жеріңізге кеттім түсіп,

Ағайын адамбыз ғой, кеш, ғафу ет!..

1945.