Аспанымды бұлт торлап, Құрыстырды денемді. Көзімнен жас домалап, Төктім сонда өлеңді. Жырымды да жасымды Бір сығып мен тастадым. Жайнап қайта ашылды Ойым менің - аспаным. 1944. Автор: Қасым Аманжолов 148 просмотров