ВЕРНУТЬСЯ

          Ыбырай, елің қайда,
жерің қайда?

Шалқыған айдын
шалқар көлің қайда?

Астыңа көпшік
қойған би-болыспен,

Ақ орда, түкті
кілем, төрің қайда?

Білмейсің
жүргенінді қайда лағып,

Сезбейсің тұрғаныңды
қандай жайда?!

Ақыным,
тақылдама, жаржақ болма!

Енді ел жоқ сен
сенетін бұл маңайда,

Айтысып болмашыны
қиыстырып,

Таппақсың оңай
олжа, арзан пайда.

Ал дейсің жолын
тауып, ақыл айтып,

Мен сендей зар
деймісің ішер шайға?

Табысым әз
басымнан артылады,

Жетеді жұмсауыма
он екі айға.

Тұрғанда
колхозымда тіленбеспін.

Қаңғырып сен
сияқты тойдан тойға.