ВЕРНУТЬСЯ

         Біздің халық ұл тілеген:

Шаңырағын ұстайды деп атаның,

Шығарар деп ер бабаның атағын,

Толықтырып әскерінің қатарын

Қорғайды деп Отанын.

Біздің халық ұл тілеген:

Күңірентіп тартады деп күйлерді,

Шығады деп ел басқарар билері,

Өседі деп шаңырағы - үйлері,

Болады деп сұлу-ару сүйгені.

Біздің халық ұл тілеген:

Оқымысты болады деп дарынды,

Күрескенін жеңетіндей қарулы,

Не нарқасқа - ер мінезді сабырлы,

Нашар болса бағар деген малымды.

Ұл тілеген болса-дағы не түрлі,

Құр қайтарып жүрсін мейлі кекілді.

Байқап тұрсам біздің халық ешқашан

Ақын қызды тілемеген секілді.