ВЕРНУТЬСЯ

Қатер күтіп қалтыраған
сарайынан патшаның,

Тыныштығы тоналмаған
қосың артық шап-шағын.

Жер жыртығын
жамайтұғын жезтырнақтан тусаң да,

Сау қалмайды
салған басың саудасына ақшаның.

Дүние елесі
жортып жүрген бір жолбарыс көк
шұбар,

Азуына тура
келсе, тажалды да жеп шыдар.

Жазда шалғын
шабамын деп қыста шалғы қайрама,

Басқан ізің улы
болса, қалай ғана шөп шығар?

Шапқанменен шыға
алмайсың шексіз жалған шетіне,

Түзу қара аз
ғұмырда туғаныңның бетіне.

Қомағайға айлық
азық, жылдық үнем болмайды,

Қоян етін қақтағанмен
қара желдің өтіне.

Байтақ жерден бәрімізге
тиетіні тар қабір,

Алпауыттың
кеудесі де соғылады жарға бір.

Асып-тасып,
шіріп қалар байлығыңнан не пайда,

Көр аузына
кіреріңде сеппеген соң жанға нұр.

Тәңір өзі
тіктемесе желкеніңді жел үзген,

Сорап іздеп
сарсаң болма су бетінде жоқ ізден.

Күнің бітсе, қағып түсер қармағыңнан қайыр жоқ,

Жалғыз шабақ
бұйырмайды шалқып жатқан теңізден.

Еш нәрсе жоқ кең
ғаламның тар құрсағы қуырмас,

Тәубесіне түскен
жанның шиін пенде суырмас.

Қара суды қайта-қайта
қайнатқанмен май шықпас,

Сарқылдаған
қазаныңның бұрқылдаған буын бас!