ВЕРНУТЬСЯ

22 наурыздақазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылындадүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). СоциалистікЕңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Тоғыз жасқа дейін өз ауылындаоқып, хат таныды. 1916 жылы екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, оданкейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынборқаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа)түсіп, онда үш жыл оқыды.С.Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауылшаруашылығы институтында бір жыл оқып, {mospagebreak}1927- 1928 жж. Бурабай техникумындаоқытушылық қызмет атқарды. Тұңғыш шығармасы - "Тулаған толқында"повесін осы тұста (1927) жазды. Он жыл бойы баспа орындарында, кеңес, партиямекемелерінде жауапты қызметтер (баспа директоры, "Қазақ әдебиеті","Социалистік Қазақстан" газеттерінің бас редакторы, Қазақстан КП ОрталықКомитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағыӨнер істері басқармасының бастығы қызметін) атқара жүріп, әдеби шығармашылығынүдете түсті. 1938-1955 жж. бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды. 1955-1966жж. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағыбасқармасының бірінші хатшысы, 1958 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасыхатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтықкомитеттің мүшесі болды.Ұлы Отан соғысыжылдарының соңында "Қазақ батыры" (1945) повесін (кейін "Қазақсолдаты" романы) жазды. Бұдан кейін жарияланған (1953) "Оянған  өлке" романы қазақ әдебиетінің алтынқорына қосылған шоқтығы биік туынды еді.Атақтыромандарымен қатар, Ғабит Махмұтұлы прозаның шағын жанрында да еңбек етті.Ондаған очерк, әңгіме, повестер жазып, жариялады. "Кездеспей кеткен бірбейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. 1974 жылы"Ұлпан" повесін жариялады. Ал "Оянған өлкенің" заңды жалғасы- "Жат қолында" романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң - 1984жылы ұсынылды.Отызыншы жылдардадраматург ретінде де бой көрсетті. Оның драматургиядағы тырнақалдысы - сахнадамың реттен аса қойылған "Қыз Жібек" операсының либреттосы (1935) еді."Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасы да (1939) халық эпосының сарынындажазылған. Жазушының қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық еңбектері"Суреткер парызы" (1970), "Заман және әдебиет" (1982) аттыкітаптарына енген.Бесінші сайланғанКСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесініңдепутаты болды.1974-1975 жж.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Үш рет Ленин орденімен,екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. 2002 жылы 100жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.

Ғабит