Баяғыдан, әрине,
бағасы кем,
бағасы кем,
Байланысы жоқ
енді даласымен
енді даласымен
Бір кездегі
белгілі ат
белгілі ат
Бара жатыр
Тық-тық шертіп
асфальтты тағасымен.
асфальтты тағасымен.
О жылдары әйгілі
керім еді,
керім еді,
Енді жұртқа есек
боп көрінеді.
боп көрінеді.
Бәйгелерге
жаралған қайран пырақ
жаралған қайран пырақ
Бүлкілдеуге
бүгінде ерінеді.
бүгінде ерінеді.
Асау арын
сыйғызбай арнасына,
сыйғызбай арнасына,
Ағызып ол шығатын
жар басына.
жар басына.
Бүгінде ол
Бутылка
жинайтүғын
жинайтүғын
Бір пысықтың
жегілген арбасына.
жегілген арбасына.
Қайта оралмас
баяғы шабытына,
баяғы шабытына,
Қайта шаппас
омырау ағытыла.
омырау ағытыла.
Бүгінде ол арбаға
бауыр басып,
бауыр басып,
Бүгінде ол
үйренген қамытыңа.
үйренген қамытыңа.
Таңсық емес енді
оған тоғайың да,
оған тоғайың да,
Табындас та,
Тұяқтас ағайын
да.
да.
Желге тосып ақ
көбік апай төсін
көбік апай төсін
Жүйтку деген
шіркіннің жоқ ойында.
шіркіннің жоқ ойында.
Бәйгеңізді
бермейтін ілгеріде,
бермейтін ілгеріде,
Болады оны
бүгінде кім деріңе?!
бүгінде кім деріңе?!
Жоқ сияқты ойында
жануардың
жануардың
Жүзіп ішкен тұнықтан
күндері де!
күндері де!
Бұл көнбістік,
апыр-ай, тегінде ме?
апыр-ай, тегінде ме?
Ұмытады ол
көргеннің көбін неге?!
көргеннің көбін неге?!
Іздемейді жұпарын
жайлауының,
жайлауының,
Түсіне де
кірмейді тебін деген!
кірмейді тебін деген!
Талап ету мүмкін
бе тағылықты!
бе тағылықты!
Тағдырына барынша
бағыныпты.
бағыныпты.
Пысқырынып
қойғаны болмаса бір,
қойғаны болмаса бір,
Кісінеуден
жарықтық жалығыпты.
жарықтық жалығыпты.
Желде жүзген қаз
мойын,
мойын,
Омырауы
Дірілдейді...
Есте ме қоңыр
ауыл?!
ауыл?!
Кім ойлаған
үн-түнсіз қалады деп
үн-түнсіз қалады деп
Күмбірлеген
даланың қоңырауы?!
даланың қоңырауы?!
Қайда еркіндік!
Қара жел даладағы!
Қара жел даладағы!
Қарамайды қызығып
бала-дағы.
бала-дағы.
Торға түскен
қияның қыранындай
қияның қыранындай
Обал енді жылқыға
қаладағы.
қаладағы.
Тәрізді уақыт
даланың тозғанағы,
даланың тозғанағы,
Бозінген жыр
дайын тұр боздағалы...
дайын тұр боздағалы...
Ал боз пырақ Ұмытып
көк шалғынды,
көк шалғынды,
Дорбадағы сұлыға
мәз болады.
мәз болады.
Қорғаншақтар
бишара жаралы аңдай,
бишара жаралы аңдай,
Қолдануға болады
шара қандай?!
шара қандай?!
Қазақтары қаланың
қарайды оған,
қарайды оған,
Жүйрікке емес,
Соғымға қарағандай!
Соғымға қарағандай!
- 97 просмотров