ВЕРНУТЬСЯ

      Қалжыңдалық,
Қатты-қатты
ойналық.
Күлгенді де,
Ілгенді де
қоймалық.
Қай-қай сөз де айту
үшін жаралған,
Бірақ соны
айтқан абзал ойланып!
Дастарқанда,
Клубтарда,
Бақтарда,
Сырым мол деп,
Сырыңды мол
ақтарма.
Отырғаңда
алаяқтың жаныңда
Түлкі жайлы
мысалдарға көп барма.
Қанішермен
ерегіспе,
Кектеспе.
Әділдіктің жолын
және көп кеспе.
Өзі отырып
келген жанға -
Қайтесің! -
Түрме менен сала
берме сотты еске!
Өз ақылын қойған
адам күзетке
Бәрін ұғар,
Бәрін байқар
мезетте.
Перзенті жоқ
ата-ананың алдында
Көп балалы үй
жөнінде сөз етпе!
Ойда болсын,
Есте жүрсін
мәңгіге:
Тұлпар жайлы сөз жақпайды әңгіге.
Ағайыны өлген
үйде асылып,
Арқан жайлы
айтылмайды әңгіме.
Осы сөзді,
Осы ақылды ал
естіп.
Атам менің
сөйлер еді дәл өстіп.
Бәйбішесі қалған
үйде қартайып
Тоқал жайлы сөз
қозғасаң - әбестік!
Жақсыны да,
Жаманды да тапты
ана.
Жөнімен айт,
Жөн-жосықсыз
даттама.
Түсіп қалған
бастығыңның көзінше
Жаңа келген
бастығыңды мақтама!
Не демейді құрдасына құрдасы!
Жаман кейде
кейбір сөздің б
ұрмасы.
...Бір орманның
кетуіне өртеніп
Жетіп жатыр
сіріңкенің бір басы!