ВЕРНУТЬСЯ

Қиналмаймын ағым көп деп шашымда,
Қанатымды
қарыған от жасымда.
Тағы, тағы...
Сүрінуге болады,
Сүйеп қалар
досың болса қасыңда!
     Қиналмаймын ағым көп деп шашымда,
Қанатымды
қарыған от жасымда.
Тағы, тағы...
Сүрінуге болады,
Сүйеп қалар
досың болса қасыңда!
Еселі еңбек
сүйреп шыққан мені өрге,
Еңбек етпей,
Ер қызығын көрер
ме?!
Тағы, тағы...
Таласуға болады,
Табысуға көзің
жетсе егерде.
Мынау балғын,
Мынау жап-жас
күйіңде
Төсек тартып
қалдым-ау деп күйінбе.
Тіпті, тағы...
Ауыруға болады,
Әлпештейтін
кісің болса үйіңде.
Арманыма,
Қиялыма сай
елім.
Қадірлеген мақал
- сөздің мәйегін.
Тағы, тағы...
Үйленуге болады,
Бойжеткен боп
қайта оралса әйелің!
Төзімдіге құрышың не?
Темір не?
Төзімдімін деп
бірақ та елірме!
Тағы, тағы...
Қателеспе бірақ
та,
Кешіретін кісім
бар деп өмірде!