Көліне түстім
Көкшенің
Көбікпен ойнап
балаша,
Толқынмен кеттім
таласа,
Тамаша, қандай
тамаша!
Тауына шықтым
Көкшеніц
Тасымен ойнап
балаша.
Тағысымен таласа,
Тамаша, қандай
тамаша!
Қарағай тілін
ұғындым,
Қайыңнан ғажап
сыр алдым;
Құзынан астым
қыранның,
Ұясын таптым
қиялдың.
1955
- 184 просмотра