ВЕРНУТЬСЯ

         Нан!

Нансыз жасар
қандай жан?!

Тұрмын қарап көз
алмай

Толқындаған
бидайдан.

Алтын шашақ әр
басы,

Ақ меруерттей
әрбір дән.

Өсіру үшін осылай

Батқанынша талай
күн,

Атқанынша талай
таң

Білмегенбіз
шаршауды -

Сыңарын терді
маңдайдан.

Даласында
еңбектің

Үзілмей бір биік
ән,

Кезек-кезек
шырқаған:

Жас сұлулар,
жігіттер,

Жеңіспен қайтқан
майданнан.

Шырқаңдар әнді
тағы да,

Лауласын еңбек
жырлатқан

Жейтін нанын
жоғалтар

Мезгілсіз терін
қүрғатқан.

Заулат кәне,
комбайнер,

Айрылма күйлі
ырғақтан!

Тоқталмасын
моторлар,

Дөңгелектер зыр
қаққан.

Сілтенсін орақ сықгырлап

Семсердей өткір
шыңдатқан.

Жоғалтпаңдар
жалғыз дән,

Жолдас емес - ұрлатқан!

Жолдас емес - құр
жатқан!

Нан!

Артықсың сен
алтыннан.

Алтыннан артықты
өсірген

Айналайын
халқымнан!

Ел емеспіз
ешқашан -

Қабының түбі
сарқылған.

Тасып аққан
өзендей,

Тынбаймыз керуен
тартудан.

Мінекей, солдат,
сыбағаң -

Алдырмас жауға
алқымнан.

Мінекей, шахтер,
сыбағаң -

Туғызар қарқын
қарқыннан.

Қимылда, достар,
қимылда,

Айныма берген
антыңнан!

Жолдас емес
тартынған!

Нан!

Нансыз қызар қай
думан?!

Домбырасы бұраулы

Той келеді
алдыңнан.

Революция отыз
жыл -

Жасады - толған
батырдай,

Жау жүрегін
жандырған,

Дос мейірін
қандырған,

Әзірлен тойға,
ата-ана,

Әзірлен,
бөбек-балдырған!

Қөзі сенде
көсемнің.

Көгіңнен нүр
жаудырған.

Қимылдаңдар,
достарым!

Жігіт емес
шалдырған,

Жерде бір дән
қалдырған!

1947