ВЕРНУТЬСЯ

           Келеміз -
Мәлікпенен екеуміз тек,

Шаршатпай кәуапғымнан
алды демеп.

Келеміз от бұршақтың
ортасымен

Кеңеске түтеген
оқ болмай бөгет.

Тоқтатты Мәлік
сонда айтты бір сыр:

-        Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр.

Тәтті өмір,
жар-достарды сүйгені үшін -

Ажалмен інің
саспай шайқасып жүр.

Қорқамын ажалдан
да бір нәрседен:

Қорлық қой
жерсіз, күнсіз өмір сүрген.

Тірлігің туған
елдің тірлігінде,

Өлгенің ту
жығылса сүйген жерден.

-        Ойлама корықпайды деп өлімнен құр.

Ардақты мен үшін
де қымбат өмір.

Шаттықты,
жар-достарын сүйгені үшін

Ажалмен інін
саспай шайқасып жүр.

-        Дұрыс-ақ!- Мәлік сөзін мақұлдадым

Қорғайды ара дағы
жақындарын.

Адамбыз, ара
емеспіз, ұрпағымыз

Байтақ жұрт, жолбарыстай
батырлардың.

1942