ВЕРНУТЬСЯ

"Контра!"
деді, шамасы...
Аңырап қалды
артында
Әйелі,
бала-шағасы.
Қалмады аман
қартың да,
"Кулаксың!"
деді, шамасы...
      Комиссар, сөзден
тартынба!
Асады дарға, шамасы...
Аңырап қалды
артында
Әйелі,
бала-шағасы.
Атардан бұрын марқұмға
"Контра!"
деді, шамасы...
Аңырап қалды
артында
Әйелі,
бала-шағасы.
Қалмады аман
қартың да,
"Кулаксың!"
деді, шамасы...
Аңырап қалды
артында
Әйелі,
бала-шағасы.
Ит талап жатты
арпылдап
"Халықтың
жауын"
Шамасы...
Аңырап қалды
артында
Әйелі, бала-шағасы.
Жатқанда тіпті
көр жібіп,
О тағдыр,
Тағы қалды нең?
Еркек мал ма еді
ер-жігіт
Сойылатұғын алдымен?!
Киім-кешек
сыйғанмен,
Керек қой бір
жарасу.
Зерлі аяққа
қүйғанмен,
Қара су ол -
қара су!
Ашуланып қалсаң
да,
Айтпа маған
пәлеңді.
Итаяққа салсаң да,
Балдың аты бал
енді!