ВЕРНУТЬСЯ

      Қоңырат басында орта жүзде болған, онан
соң ұлы жүзге барған. Рашид ад-дин менен Әбілғазы хан сөзінше, қоңырат оғузхан
нәсілінен дүрлігін деген таптың Жорлуқ мергеннің баласы Қоңырат деген кісінің
нәсілінен. Радловтың сөзінше һәм қазақтың ескі сөзінше, Қоңырат екі атаның
баласы, Көк - Көтенші деген. Левшиннің сөзінше, рулары - байлар, жаншар,
оразгелді, құлшығаш, божбан, тоқболат, жаманбай, қаракөсе, жетім, сансыз,
көпеш. Менің ойымша, осы жетім дегендер тоқал арғын Сомдықтың Саржетім деген
баласының нәсілі болар, оның себебі саржетім шақшақтың шықшағы кіші жүзде бар,
жетім дегені жоқ. Қытай жазушысы Юаншаумиши сөзінше, бұрынғы заманда өңкерлер,
яғни Халқа өзенінің Байор көліне құйғанында жүрді. Бұлардың да көбі өзбекке
қосылып өзбек атанды.