ВЕРНУТЬСЯ

Оралхан Бөкейдің рухына

Шыбын жанға тіршілікте азап бар,

Күнәліге қияметте тозақ бар.

Күмбір-күмбір кісінейді түсімде,

Аспан жақтан аппақ сүттей боз аттар.

Жоқ олардың жермен ешбір шатағы,

Тұяқтары бұлттан ұшқын атады.

Аппақ болып сол аттардың үстінде,

Әулиелер кетіп бара жатады.

Ақ құстардай самғағанда пырақтар,

Жарқырайды аспандағы шырақтар.

Қиқыметтің ұшығына шыға алмай,

Қу жанымды кинайды мың сұрақтар.

Ақ аттағы әулиелер сәлделі,

Шапанынан нұр шашады сәулелі.

Сияқтымын кететіндей ілесіп,

Көз қырын caп, демеп қалса сәл мені.

Ғұмырында не
көрмейді пенде-адам,

Құдіреттің ғұзырында кең ғалам.

Аспандағы ақ
аттарға жете алмай,

Көз жасымды
сорғалатып мен қалам.

Қош болыңдар, қош
болыңдар, ақ аттар,

Ақыретте
жолығысар сағат бар.

Мәңгі-бақи сендер аман жүріңдер -

Аруағымды алып ұшқан қанаттар!..