ВЕРНУТЬСЯ

Құрбан болып миллионнан мың кісі,
Қан жылады
қасіретті,
Мұңлысы,
Азап еді, кәріге
де,
Жасқа да,
Ғажап болды
тартылғалы жынды су!
      Құрбан болып миллионнан мың кісі,
Қан жылады
қасіретті,
Мұңлысы,
Азап еді, кәріге
де,
Жасқа да,
Ғажап болды
тартылғалы жынды су!
Сусамырлар
сіміретін сыраны,
Сау тірлікке
үйрене алмай жүр әлі.
Енді түнде
шөлден кеппей таңдайың,
Енді ертемен бас
ауырмай т
ұрады!
Абыройлы
сусыңдар мен шалаптар
Ойын-тойда...
Жоқ баяғы
талаптар.
Енді қазір көзін
сүзіп сервантқа
Әлденеден
дәметпейді қонақтар!
Тозаң басып түр
бүгінде бокалдар,
Бөтелке жоқ
бокалдарға қоқаңдар.
Әрбір үйдің
уақытында шамы өшіп,
Уақытында алынады сақалдар.
Табам десе
табады екен еміңді,
Көктем басты
қоңыр күздей өңіңді.
Ойсырамай
қалталар мен кассалар,
Оянатын болды
әйелдер көңілді.
Тентектерден
босап қал
ған төңірек,
Тротуар көрінеді
кеңірек.
Автобуста иісі
емес спирттің,
Әтір иісі
сезіледі көбірек.
Жаман емес
тіршіліктің барысы,
Жөнге келіп
қалды ж
ұрттың әр ісі.
Жас енелер сәби
сүйе бастады,
Жаңа түскен
келінімен жарысып!
Құрбан болып миллионнан мың кісі,
Қан жылады
қасіретті,
Мұңлысы,
Азап еді-ау
кәріге де,
Жасқа да,
Ғажап болды
тартылғалы жынды су!
Р5:
Әттең! Әттең!
Қуаныппыз
бекерге...
Қайта толды
дүкен шарап,
Лекерге.
Қонақтарың
Босағада тұрып ап,
Аз болғандай,
Тағы ішеді
кетерде!..