ВЕРНУТЬСЯ

Жетегінде қиялдың,

Ердім елес соңынан.

Кейде өзімнен ұялдым,

Өз құнымның жоғынан.

Мұнарасы Мысырдың

Көрінгендей елірдім.

Қашпай қалған қысырдың

Уызына семірдім.

Бар-жоғымды ұмытты,

Жүйрік жылдар жел қуық.

Ұшып-қонған үмітті,

Жете алмадым мен қуып.

Таң атқанға-күн батқан,

Тірі жан бір өлмей ме?

Сөз сауғанға тіл-жақтан,

Берсе, маған бермей ме?!

Жыр
баласы-жетімек,

Мен Тәңірі тұтсам да.

Жарқ етпеді
көкірек,

Найзағайды жұтсам
да!

Шамырқанған
көңілде

Шаңқылдайды ақ бүркіт.

Көмейімнен
өмірге

Кетсем бе екен
от бүркіп!..